О внесении изменения в постановление акимата от 16 января 2009 года № 19 "О реализации решения Федоровского районного маслихата от 22 декабря 2008 года № 124 "О районном бюджете Федоровского района на 2009 год" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешімін жүзеге асыру туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 19 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде нөмері 9-20-140 болып тіркелген "Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешімін жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешімін жүзеге асыру туралы әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №  19 қаулысына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-20-140 нөмірі бойынша тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпанда "Федоровские новости" аудандық газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін: 3-тармағының 4) тармақшасы мына редакцияда жазылсын: "4) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік қорғалатын санынан: оралмандар сондай-ақ жастар санынан студенттерге, білім ұйымдары түлектеріне тағайындалады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.