О внесении дополнений в постановление акимата от 16 января 2009 года № 20 "Об определении целевых групп населения и мер по содействию занятости и социальной защите в 2009 году" Қолданыста
Басқа 0
"Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 20 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2) тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 20 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-144 тіркелген, 2009 жылғы 19 ақпандағы "Федоровские новости" газетінде жарияланған) "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен олардың әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 1-тармағы мына жолдармен толықтырылсын:
"жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына немесе жұмыс беруші-заңды тұлғаның іс-әрекеті тоқтатылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;
толық емес жұмыс уақыт режимінде жұмыс істейтін тұлғалар".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындау бақылау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.