О внесении дополнения в решение Акмолинского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 4С-17-5 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Акмолинской области (района, городов Кокшетау, Степногорска)" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру ережелерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3338 тіркелген, 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Арқа ажары» газетінде, 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін: Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру ережелерінің 6 тармағы «, жылына бір рет, 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай.» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.