О внесении дополнения в решение Акмолинского областного маслихата от 16 октября 2009 года № 4С-17-5 "Об утверждении Правил присвоения звания "Почетный гражданин Акмолинской области (района, городов Кокшетау, Степногорска)" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 "Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы" атағын беру ережелерін бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының)» құрметті азаматы атағын беру ережелерін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3338, 2009 жылдың 12 желтоқсанында «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Ақмола облысының (ауданның, Көкшетау, Степногорск қалаларының) құрметті азаматы» атағын беру ережелері: келесі мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын: «6-1. Ұсынылған азаматтар жиынының, өндірістік кәсіпорынның еңбек ұжымы жиналысының, ұйымның, мемлекеттік мекеменің, қоғамдық бірлестіктің, партияның хаттамаларын, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттарының өтініштерін дәйекті қарастыру мақсатында облыс (аудан, Көкшетау, Степногорск қалалары) әкімінің өкімімен құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдері кіретін 9 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және жұмыс тобының жалпы санының басым бөлігі олар үшін дауыс берген жағдайда қабылданған болып есептеледі. Дауыс саны тең болған жағдайда жұмыс тобының басшысы дауыс берген шешім қабылданады. Жұмыс тобының мүшелері ерекше пікір білдіру құқығына ие болады, және оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі қажет. Жұмыс тобының шешімі ұсынымдық сипатта болады, хаттамамен рәсімделеді және басшысы мен хатшысының қолдары қойылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.