О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 ноября 2009 года № 495 «Об утверждении Правил ведения бюджетного учета» Күшін жойған
Басқа 0
«Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2010 жылы № 2, 368-құжат жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның іске асыратын бюджетті атқару жөніндегі барлық операцияларының бюджеттік есепке алу шоттарында көрсетілуін бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің жасалуын қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады.»;
7-тармақтын 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 68-тармағына сәйкес орнатылған және 113, 114, 115, 116-тармақтарына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган аумақтық қазынашылық бөлімшелердің ұсынған бастапқы есепке алу құжаттарындағы айналымдардың көрсетілуінің дұрыстығын және тиісті бюджеттердің ҚБШ қалдықтарын тексереді, содан кейін орындауға және есепке алуға қабылдайды.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.