О внесении дополнения в постановление акимата от 16 марта 2009 года № 52 "Об определении перечня целевых групп населения в Карасуском районе на 2009 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесі туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі № 9-13-80, "Қарасу өңірі" 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 14) мынадай толықтыру енгізілсін: қосымша мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын: "17. Алған мамандық бойынша жұмыс өтілі және тәжірибесі жоқ жұмыстан бос жастар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы ____________________ А. Ерменова