О внесении дополнения в постановление акимата от 16 марта 2009 года № 58 "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году" Қолданыста
Басқа 0
"Халықтың нысаналы тобын және 2009 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы" әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 58 қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Халықтың нысаналы тобын және 2009 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-94 тіркелген, 2009 жылғы 16 сәуірде "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 58 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) жұмыс берушінің таратылуына, қызметкерлердің штатын немесе санын қысқартуға байланысты босатылған тұлғалар, толық емес жұмыс уақыты режимінде айналысатын тұлғалар".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.