О внесении дополнений в постановление акимата района от 16 февраля 2009 года № 75 "О перечне лиц, относящихся к целевым группам населения на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
"2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 75 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "2009 жылға арналған халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғалардың тізбесі туралы" Қостанай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 75 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-14-103 нөмірімен тіркелген, аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде 2009 жылы 10 сәуірде ресми жарияланған) 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:
"16) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім ұйымдарының түлектері;
17) заңды тұлға – жұмыс берушінің жойылуына, немесе жеке тұлға – жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуына, қызметкерлер саны немесе штаттың қысқартылуына байланысты босатылғандар адамдар;
18) толық емес жұмыс күні тәртібінде қамтылған адамдар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімиятының
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________________ М. Жусупов