О внесении дополнения в постановление акимата от 16 марта 2009 года № 83 "О корректировании средней урожайности (продуктивности) и цен для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 83 "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін орташа түсімді (өнімділікті) және бағаларды түзету туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы 2009 жылғы 9 ақпандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 3-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін орташа түсімді (өнімділікті) және бағаларды түзету туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 83 (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізілімінде № 9-5-89 болып тіркелген, "Таза бұлақ - Чистый родник" аудандық газетінде 2009 жылы 26 наурызда жарияланған) қаулысына толықтыру енгізілсін: қаулының кіріспесінде "жергілікті мемлекеттік басқару" сөздері "және өзін-өзі басқару" сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі бірінші орынбасарының міндетін атқарушы А.А. Кенжеғаринге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ "Алтынсарин ауданы әкiмдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi бастығының міндетін атқарушы _________________________ Л. Чиркова 2009.09.23