О внесении изменения в постановление акимата от 16 апреля 2010 года № 185 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 185 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 185 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-10-140 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 29 сәуірінде "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3 тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН
"Қостанай облысы
Жітіқара ауданының
қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ М. Абраев