О внесении изменений в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 июля 2010 года № 386 "О начале 2010-2011 учебного года в организациях общего среднего образования Республики Казахстан" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2010-2011 оқу жылының басталуы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 386 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2010-2011 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 386 бұйрығына мынадай өзгертулер енгізілсін: 1-тармақта: төртінші абзацында: «12 күн» сөздері «13 күн» сөздерімен; «1» саны «2» санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б. С Кәрімжанов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.