О внесении изменений в приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 16 ноября 2011 года № 348 «Об утверждении положений о Центральной экспертно-проверочной комиссии и экспертно-проверочных комиссиях центральных государственных и специальных государственных архивов» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7343 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 20 қазанда № 689-693 (27765) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; бұйрықтын 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді: «1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 355 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына 1-қосымша Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Орталық сараптау-тексеру комиссиясы (бұдан әрі – ОСТК) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы құжаттардың құндылығына сараптама жасау, Ұлттық архив қорының құрамына енгізу (шығару), сондай-ақ оның толықтыру көздерін белгілеу мәселелерін қарауды жүзеге асыратын алқалық, консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. ОСТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысын, Қазақстан Республикасының архив ісі мен құжаттама, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Орталық сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. ОСТК-ның міндеттері, функциялары және құрамы
2-тарау. ОСТК-ның міндеттері, функциялары және құрамы
Тармақ 1. 1-параграф. ОСТК-ның міндеттері
1-параграф. ОСТК-ның міндеттері
Тармақ 3
3. ОСТК-ның мiндеттерi болып табылады:
Тармақша 1
1) архивтік құжаттардың құндылығына сараптама жасау мен мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған құжаттармен толықтырудың ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік мәселелеріне сараптама жасау;
Тармақша 2
2) Ұлттық архив қорын қалыптастырудың принциптері мен критерийлерін анықтау.
Тармақ 2. 2-параграф. ОСТК-ның функциялары
2-параграф. ОСТК-ның функциялары
Тармақ 4
4. ОСТК өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін келесідей функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) сақтау мерзімдерін көрсете отырып, ұйымдардың қызметі барысында қалыптасатын құжаттар тізбесінің жобаларына сараптама жасайды және келіседі;
Тармақша 2
2) ұйымдардың үлгілік істер номенклатураларының жобаларына сараптама жасайды және келіседі;
Тармақша 3
3) Ұлттық архив қорын толықтыру көздерінің тізімдерінің жобаларына сараптама жасайды және келіседі;
Тармақша 4
4) орталық және жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің, басқа да ұйымдардың қызметі барысында қалыптасатын қолданыстағы құжаттар тізбелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарына сараптама жасайды;
Тармақша 5
5) СТК-ның қызметі туралы ақпаратты тексереді, олардың жұмыстары туралы есептерді қабылдайды;
Тармақша 6
6) СТК, ОСК, СК арасында туындайтын құжаттардың құндылығына сараптама жасау және олармен мемлекеттік, арнайы мемлекеттік архивтерді және ұйымдардың архивтерін толықтырудың даулы мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды ұсынады;
Тармақша 7
7) СТК-ның және ОСТК-ның мүшелерінің қорытындыларын тексереді.
Тармақ 3. 3-параграф. ОСТК-ның құрамы
3-параграф. ОСТК-ның құрамы
Тармақ 5
5. ОСТК төрағадан және ОСТК-ның мүшелерінен тұрады. Хатшы ОСТК-ның мүшесі болып табылмайды. ОСТК саны тақ болатын мүшелерден тұрады.
Тармақ 6
6. ОСТК мүшелері төрағаның орынбасарынан, Министрліктің архив ісі және құжаттама саласындағы фуекциялар жүктелген құрылымдық бөлімшенің (бұдан әрі – құрылымдық бөлімше) мамандарынан, мемлекеттік, арнайы мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарынан, ғылым, оқу ұйымдарының өкілдерінен тұрады. Министрліктің жетекшілік ететін вице-министрі ОСТК төрағасы болып табылады. ОСТК төрағасының орынбасары құрылымдық бөлімше басшыларының қатарынан тағайындалады.
Тармақ 7
7. ОСТК-ның хатшысы:
Тармақша 1
1) ОСТК отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) ОСТК мүшелерінің шақырылуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) ОСТК отырысының хаттамасын жүргізеді;
Тармақша 4
4) ОСТК шешімдерін тиісті ұйымдардың назарына жеткізеді;
Тармақша 5
5) ОСТК отырыстарының құжаттарын жедел сақтауды жүргізеді. ОСТК-ның хатшысы ОСТК-да қаралатын мәселелерді дайындауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады.
Тармақ 8
8. ОСТК-ның құрамы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 4. 4-параграф. ОСТК-ның қызметін ұйымдастыру
4-параграф. ОСТК-ның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 9
9. Құрылымдық бөлімше ОСТК-ның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 10
10. ОСТК төрағасы ОСТК-ның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, ОСТК-ның қызметіне жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
Тармақ 11
11. ОСТК-ның қызметі ОСТК төрағасы бекітетін жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. ОСТК отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, құжаттар мен материалдарды дайындауды, ОСТК отырысының хаттамасын ресімдеуді хатшы жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. ОСТК отырыстарын өткізуге материалдарды дайындауды ОСТК-ның хатшысы жүзеге асырады, ол отырыс өтуден кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын материалдарды ОСТК мүшелеріне жолдайды.
Тармақ 14
14. ОСТК мүшелері сараптамаға ұсынылған материалдарды зерделейді, сараптамалық қорытындылар әзірлейді және ОСТК отырысына дейін кемінде 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, хатшыға ОСТК отырыстарында талқылау үшін қорытындыларын береді.
Тармақ 15
15. ОСТК отырыстары қажеттілігіне қарай, оның мүшелерінің кемінде жартысы болған жағдайда, бірақ тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі.
Тармақ 16
16. ОСТК шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер ОСТК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, шешімдер қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. ОСТК мүшелерінің ОСТК хаттамасына ескертулері, ерекше пікірлері мен толықтырулары жазбаша түрде баяндалады және хаттамаға қоса беріледі. ОСТК шешімдері комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 17
17. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген және ОСТК-ға ұсынылған жобаларды келісу OСТК хаттамасының күнін, нөмірін көрсете отырып келісу грифімен ресімделеді.
Тармақ 5. 5-параграф. ОСТК қызметінің тоқтатылуы
5-параграф. ОСТК қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 18
18. ОСТК-ның қызметі Министрдің шешімімен тоқтатылады.
Басқа 2. Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ереже
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 355 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 348 бұйрығына 2-қосымша Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары (бұдан әрі – СТК) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтерінің, арнайы мемлекеттік архивтердің, Қазақстан Республикасы Президентінің архивінің (бұдан әрі – архивтер) құжаттарының құндылығына сараптама жасаудың ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік мәселелерін қарау мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
Тармақ 2
2. СТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысын, Қазақстан Республикасының архив ісі мен құжаттама, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік архивтердің сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) басшылыққа алады.
Тарау 2. 2-тарау. СТК-ның міндеттері, функциялары және СТК құрылымы
2-тарау. СТК-ның міндеттері, функциялары және СТК құрылымы
Тармақ 1. 1-параграф. СТК міндеттері
1-параграф. СТК міндеттері
Тармақ 3
3. СТК-ның негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарды анықтау;
Тармақша 2
2) құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының (бұдан әрі – Ұлттық архив қоры) құрамына енгізу және оның құрамынан шығару;
Тармақша 3
3) істер номенклатурасын құру, істерді қалыптастыру және оларды мемлекеттік сақтауға тапсыруға әзірлеу кезінде іс қағаздарын жүргізу кезеңінде құжаттарды ұйымдастыру және құндылығына сараптама жасау;
Тармақша 4
4) ұйымдардың басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің, Ұлттық архив қорын толықтыру көзі болып табылатын ұйымдар архивтерінің қызметіне әдістемелік көмек көрсету.
Тармақ 2. 2-параграф. СТК-ның функциялары
2-параграф. СТК-ның функциялары
Тармақ 4
4. СТК жүктелген міндеттерге сәйкес:
Тармақша 1
1) архивті толықтыру көздерінің тізімдерінің, оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сараптама жасайды және келіседі;
Тармақша 2
2) архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен ұсынылатын құжаттарды мемлекеттік сақтауға дайындау мен тапсырудың жоспарлары мен кестелерінің жобаларына сараптама жасайды және келіседі;
Тармақша 3
3) істер номенклатураларының, құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидаларының, ведомстволық (жеке) архивтер туралы ережелердің, ОСК және СК туралы ережелердің жобаларына сараптама жасайды және келіседі;
Тармақша 4
4) архивтердің толықтыру көздерінен түскен тұрақты сақталатын істер тізімдемелеріне сараптама жасайды және бекітеді, жеке құрам бойынша істер тізімдемелерінің, сақтауға жатпайтын құжаттар мен істерді жоюға бөлу туралы актілердің жобаларына сараптама жасайды және келіседі;
Тармақша 5
5) архивте және ведомстволық (жеке) архивтердегі тұрақты сақталатын құжаттардың қайта қалпына келмейтіндей бүлінгендігі туралы актілерге, мемлекеттік сақтауға тапсыруға жататын істердің табылмағандығы туралы актілерге сараптама жасайды және бекітеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының ұлттық мәдени игілік объектілеріне жатқызылған архивтік құжаттардың, және архивте сақталатын аса құнды құжаттардың тізбелеріне, архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен ұсынылатын аса құнды істердің тізімдемелеріне және сақтандыру көшірмелерінің тізімдемелеріне сараптама жасайды және бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік сақтауға қабылданатын жеке тектік құжаттарға сараптама жасайды;
Тармақша 8
8) архивтің және оның толықтыру көздерінің қызметкерлерімен әзірленген құжаттардың құндылығына сараптама жасау және архивтерді толықтыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстардың жобаларына сараптама жасайды;
Тармақша 9
9) архивтердің және олардың толықтыру көздерінің құжаттардың жекелеген түрлерінің сақтау мерзімдерін анықтау бойынша ұсыныстарына сараптамалық қорытынды ұсынады;
Тармақша 10
10) ұйымдардың ОСК және СК жұмыстары туралы ақпаратты қабылдайды;
Тармақша 11
11) құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу кезінде пайда болатын құжаттардың құндылығына сараптама жасаудың және олармен архивтерді толықтырудың даулы мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды ұсынады;
Тармақша 12
12) СТК мүшелерінің қорытындыларына тексеріс жүргізеді.
Тармақ 3. 3-параграф. СТК-ның құрылымы
3-параграф. СТК-ның құрылымы
Тармақ 5
5. СТК төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Архив басшысының немесе құрылымдық бөлімше басшысының (Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы архиві үшін) бұйрығымен бекітілген СТК құрамына: төраға, оның орынбасары және архивтік құжаттамалау саласындағы барынша білікті архив мамандары қатарынан комиссия мүшелері, сонымен қатар архивті толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың өкілдері (Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы архиві үшін) кіреді. Хатшы СТК-ның мүшесі болып табылмайды. СТК саны тақ болатын мүшелерден тұрады.
Тармақ 6
6. СТК-ны төраға ретінде архив басшысы немесе оның орынбасарлары басқарады. СТК төрағасы қызметке жалпы басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, СТК-ға жүктелген міндеттердің орындалуын бақылайды.
Тармақ 7
7. СТК-ның хатшысы:
Тармақша 1
1) Төрағаның (төраға орынбасарының) нұсқауы бойынша СТК отырысын шақыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) отырыстың хаттамасын жүргізеді және он жұмыс күні ішінде хаттаманы төрағаға қол қоюға ұсынады;
Тармақша 3
3) мүдделі заңды тұлғаларды комиссияның шешімі туралы хабардар етеді;
Тармақша 4
4)СТК жұмысы туралы есеп пен есептілік жүргізеді;
Тармақша 5
5)құжаттаманы жүргізеді және оның сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) күн тәртібін, отырысқа шақырылған тұлғалардың тізімін жасайды және оны өткізгенге дейін үш күнтізбелік күн бұрын СТК төрағасына барлық құжаттар жинағын ұсынады.
Тармақ 4. 4-параграф. СТК қызметін ұйымдастыру
4-параграф. СТК қызметін ұйымдастыру
Тармақ 8
8. СТК қызметі архивтердің жұмыс жоспарларымен қарастырылады.
Тармақ 9
9. СТК отырыстары СТК-ға ұсынылған құжаттардың түсуіне қарай, алайда айына кем дегенде бір реттен кем емес, шақырылары. Қажет жағдайда жылжымалы комиссия отырыстары, сонымен қатар СТК және архивтердің әдістемелік кеңестерінің бірлескен отырыстары өткізіледі.
Тармақ 10
10. СТК отырысы, егер құрамының жартысынан көп бөлігі қатысқанда құқылы деп есептеледі.
Тармақ 11
11. СТК-да қарау үшін құжаттар СТК отырысының қарауына отырысқа дейін 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей жолданады. СТК отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, құжаттар мен материалдарды дайындауды, СТК отырысының хаттамасын әзірлеуді хатшы жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. СТК отырыстарын өткізуге материалдарды дайындауды СТК хатшысы жүзеге асырады, ол отырыс өтуден кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын материалдарды СТК мүшелеріне жолдайды.
Тармақ 13
13. СТК мүшелері сараптамаға ұсынылған материалдарды зерделейді, сараптамалық қорытындылар әзірлейді және отырысқа дейін кемінде 5 жұмыс күнінен кешіктірмей оларды хатшыға СТК отырыстарында талқылау үшін жолдайды.
Тармақ 14
14. СТК шешімді ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Егер СТК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, шешімдер қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. СТК мүшелерінің СТК хаттамасына ескертулері, ерекше пікірлері мен толықтырулары жазбаша түрде баяндалады және хаттамаға қоса беріледі. СТК шешімдері архив басшысы бекітетін хаттамамен ресімделеді. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптар «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңымен белгіленген тәртіпте жолданады.
Тармақ 15
15. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген және СТК-ға ұсынылған жобаларды келісу СТК хаттамасының күнін, нөмірін көрсете отырып келісу грифімен ресімделеді.
Тармақ 16
16. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген және СТК-ға ұсынылған жобаларды бекіту СТК хаттамасының күнін, нөмірін көрсете отырып бекіту грифімен ресімделеді.
Тармақ 5. 5-параграф. СТК қызметінің тоқтатылуы
5-параграф. СТК қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 17
17. СТК-ның қызметі архив басшысының шешімімен тоқтатылады.