О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 519 «О национальных научных советах» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы « » № қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі
Тармақ 1
1. «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 2
2. «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 3
3. «Энергетика және машина жасау» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 4
4. «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 5
5. «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 6
6. «Өмір және денсаулық туралы ғылым» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 7
7. «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 8
8. «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 9
9. «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.
Тармақ 10
10. «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» ғылым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.