О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 мая 2011 года № 519 "О национальных научных советах" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ұлттық ғылыми кеңестер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлттық ғылыми кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 468-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 619 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 мамырдағы № 519 қаулысымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұлттық ғылыми кеңестер (бұдан әрі – кеңестер) қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің даму бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңестер Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады.
Тармақ 4
4. Кеңестердің жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы (бұдан әрі – сараптама орталығы) кеңестердің жұмыс органы болып табылады.
Тарау 2. 2. Кеңестердің құрамы
2. Кеңестердің құрамы
Тармақ 5
5. Кеңестердің құрамы үш жыл мерзімге бекітіледі және мүшелердің тақ санынан құралуы тиіс.
Тармақ 6
6. Кеңестердің құрамдарын ғылым саласындағы уәкілетті орган салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми-қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша қазақстандық және шетелдік құзыретті ғалымдардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Тармақ 7
7. Кеңестердің құрамына сайланатын қазақстандық ғалымдардың мамандығы бойынша кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және соңғы 5 жылда мамандығы бойынша кемінде 2 Хирша индексі бар болуы тиіс. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында мамандандырылған ғалымдарға соңғы 5 жылда мамандығы бойынша кемінде 2 Хирша индексінің болу талабы қолданылмайды.
Тармақ 8
8. Қазақстандық ғалымдарды кеңестердің құрамына іріктеу ғылым саласындағы уәкілетті орган құрастырған, соңғы 5 жыл ішіндегі ғалымдардың Хирша индексі бойынша ранжирленген жарияланымдары тізімінің негізінде жүргізіледі. Бұл ретте кеңестердің құрамына осы тізімге сәйкес көбірек Хирша индексі бар ғалымдар іріктеледі.
Тармақ 9
9. Кеңестер құрамының жиырма пайыздан аспайтын, бірақ әрбір кеңесте бір мүшеден кем емес бөлігі әлемдегі жетекші ғылыми немесе ғылыми-білім беру ұйымдарының өкілдері болып табылатын, ағылшын тілін еркін меңгерген және соңғы 5 жылда кемінде 10 Хирша индексі бар шетелдік ғалымдар қатарынан қалыптасады.
Тармақ 10
10. Кеңестер құрамының жиырма пайыздан аспайтын бөлігі мемлекеттік органдардың (ғылым саласындағы уәкілетті орган өкілдерін қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен қалыптасады.
Тармақ 11
11. Кеңес құрамының жиырма пайыздан астамын құрайтын бір ұйымның қызметкерлері және кеңестің басқа мүшесінің тікелей бағынысындағы адамдар кеңес құрамына сайланбайды.
Тармақ 12
12. Әрбір кеңесте қазақстандық ғалымдар ішінен төраға және төрағаның орынбасары сайланады.
Тармақ 13
13. Кеңес төрағасы оның қызметін басқарады, кеңестердің отырыстарында төрағалық етеді, кеңестің жұмысын жоспарлайды және өз қызметі шеңберінде мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу кезінде кеңестің атынан өкілдік етеді.
Тармақ 14
14. Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.
Тармақ 15
15. Төраға кеңес мүшелерінің арасынан хаттаманы ресімдеуге жауап беретін кеңестің хатшысын айқындайды. Кеңестің хатшысы кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие.
Тарау 3. 3. Кеңестердің міндеттері, функциялары және құқықтары
3. Кеңестердің міндеттері, функциялары және құқықтары
Тармақ 16
16. Кеңестердің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) айқындаған басымдықтарға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру;
Тармақша 2
2) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландырудың нысандары мен көлемін айқындау;
Тармақша 3
3) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңашылдығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективалығын, әзірлену дәрежесін, сұралып отырған қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін бағалау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттарға қажеттіліктерін бағалау;
Тармақша 5
5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға конкурстық іріктеуді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) жүргізілетін ғылыми зерттеулердің іске асырылу барысын, оның ішінде жұмыс орнына бару арқылы мониторингілеу болып табылады.
Тармақ 17
17. Кеңестердің негізгі функциялары:
Тармақша 1
1) гранттық қаржыландыру көлемін айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 2
2) ғылым саласындағы уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті органдар бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынған нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ЖҒТК-ға ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 3
3) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиісті бағыттары бойынша орындалатын ғылыми зерттеулер жөнінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аралық және қорытынды есептерін қабылдау.
Тармақ 18
18. Кеңестер өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) өз қызметін Қазақстан Республикасының салалық уәкілетті органдарымен, ғылыми ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін ақпараттық-талдамалық және анықтамалық деректер алуға;
Тармақша 3
3) кадрларды даярлауды, қаржылық қамтамасыз ету және ғылымның материалдық-техникалық базасын дамытуды қоса алғанда, ғылыми-техникалық даму жөніндегі ұсыныстарды ғылым саласындағы уәкілетті органға, салалық уәкілетті органдарға, ұлттық және салалық ғылым академияларына енгізуге;
Тармақша 4
4) ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді өзгерту және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге және белгіленген тәртіппен енгізуге;
Тармақша 5
5) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға жататын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы қаралып жатқан есептер бойынша отырыстарға қосымша түсініктемелер беру үшін ғылыми жетекшілерді шақыруға;
Тармақша 6
6) ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кеңеске ұсынылған материалдарды жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз ету мақсатында консультациялар мен түсініктемелер алу үшін нақты ғылым саласы бойынша сарапшылар мен мамандарды тарту арқылы мамандандырылған секцияларды құруға құқылы.
Тарау 4. 4. Кеңестер қызметін ұйымдастыру
4. Кеңестер қызметін ұйымдастыру
Тармақ 19
19. Кеңес қызметінің негізгі нысаны ол қабылдайтын шешімдердің жариялылығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін кеңестің ашық отырысы болып табылады.
Тармақ 20
20. Кеңестің отырысы кеңес мүшелерін тікелей шақыру немесе нақты уақыт режиміндегі интернет-конференция арқылы өткізіледі. Отырысқа тікелей қатысу мүмкіндігі болмаған жағдайда кеңес мүшесі кеңес отырысына нақты уақыт режимінде интернет ресурстарын пайдалану және хатшыға хаттаманы ресімдеу үшін отырыс мәселелері бойынша дауыс беру нәтижелері бар бюллетеньді тапсыру арқылы қатысады.
Тармақ 21
21. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
Тармақ 22
22. Жыл сайын бірінші отырыста кеңес қызметінің жылдық жұмыс жоспары және отырыстарының кестесі ғылым саласындағы уәкілетті органның келісуімен бекітіледі, сондай-ақ сараптама орталығының интернет ресурсында жарияланады. Кеңес қызметінің жылдық жұмыс жоспарына және отырыстарының кестесіне өзгерістер ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жылына 2 реттен аспай енгізіле алады.
Тармақ 23
23. Кеңес отырысының күн тәртібін кеңестің жұмыс органы қалыптастырады және ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалармен, бағдарламалармен (бұдан әрі – сараптама объектілері) және МҒТС нәтижелермен бірге отырыстың басталуына дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей кеңестің мүшелеріне жібереді.
Тармақ 24
24. Барлық қарастыратын мәселелер бойынша кеңес отырысы күнтізбелік отыз күннен аспай өткізіледі.
Тармақ 25
25. Егер отырыста кеңес мүшелерінің, оның ішінде нақты уақыт режимінде қатысқан мүшелердің кемінде үштен екісі болса, кеңес отырысы заңды болып табылады.
Тармақ 26
26. Қажет болған жағдайларда сараптама объектілері бойынша толық мәліметтер болмаған кезде кеңес сараптама орталығынан МҒТС нәтижелері бойынша қосымша түсініктемелер, негіздемелер мен ақпаратты сұратады, ол жауапты екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.
Тармақ 27
27. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды конкурстық іріктеу мәселесі бойынша отырыс барысында кеңес сараптама объектілерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Тармақ 28
28. Кеңестің шешімі кеңестің отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының ашық дауыс беруі арқылы қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 29
29. Кеңес отырысының хаттамасына отырысқа қатысқан кеңестің барлық мүшелері отырысты өткізу аяқталған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды және ол мыналарды қамтуы тиіс:
Тармақша 1
1) кеңестің толық атауы және құрамы;
Тармақша 2
2) отырысты өткізуді бастау және аяқтау күндері;
Тармақша 3
3) отырысқа қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) отырыстың күн тәртібі;
Тармақша 5
5) отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес мүшелерінің барлық талқылаулары;
Тармақша 6
6) дауыс беруге қойылған мәселелер және кеңес отырысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша кеңестің әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижесі көрсетілуімен олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
Тармақша 7
7) кеңес мүшелерінің бағалау парақтары;
Тармақша 8
8) қабылданған шешімдер және олардың негіздемелері;
Тармақша 9
9) кеңес шешімі бойынша басқа да мәліметтер. Дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша кеңес мүшесінің ерекше пікірі болса, кеңес хатшысы хаттамаға тиісті жазба енгізеді.
Тармақ 30
30. Кеңес отырыстарын сараптама орталығы аудио және бейне жазбаға түсіруге тиіc. Кеңес отырыстарының хаттамалары, аудио және бейне жазбалары сараптама орталығында сақталады.
Тарау 5. 5. Кеңестердің шешімдері
5. Кеңестердің шешімдері
Тармақ 31
31. Кеңестер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың жобалары мен бағдарламаларын;
Тармақша 2
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;
Тармақша 4
4) инновациялық жобаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдерді ғана қабылдайды.
Тармақ 32
32. Кеңес қабылдаған шешімдерді сараптама орталығы хаттамадан үзінділер түрінде ғылым саласындағы уәкілетті органға және қажет болған жағдайда салалық уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні мерзімінен кешіктірмей береді.
Тармақ 33
33. Кеңестердің шешімдерін ғылым саласындағы уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауы тиіс.
Тармақ 34
34. Кеңестер өздері қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Кеңес мүшелеріне сыйақылар беру
6. Кеңес мүшелеріне сыйақылар беру
Тармақ 35
35. Нақты жобаға, бағдарламаға (олар бойынша есепке) сараптама, ғылыми жұмыстардың орындалу мониторингін жүргізгені үшін сыйақыны, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді сараптама орталығы мемлекеттік бюджет қаражатынан жүргізеді.
Тарау 7. 7. Кеңес мүшелерінің жауапкершілігі
7. Кеңес мүшелерінің жауапкершілігі
Тармақ 36
36. Кеңестердің мүшелері нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы кеңесті хабардар етеді және кеңес қабылдайтын шешімдердің объективтілігі мен негізділігіне жауапты болады.