О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 16 января 2012 года № 67 "Об утверждении лимитов вылова рыбы и других водных животных в рыбохозяйственных водоемах на 2012 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 67 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. «Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 67 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 24, 335-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2013 жылғы 15 ақпанға дейінгі лимиттері бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2012 жылғы арналған лимиттерінде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2013 жылғы 15 ақпанға дейінгі лимиттері».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.