О внесении изменений и дополнения в приказ Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан от 16 октября 2013 года № 313-Ө «Об утверждении Правил движения водного транспорта в запретный для рыболовства нерестовый период, а также в запретных для рыболовства водоемах и (или) участках» Күшін жойған
Басқа 0
«Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 8918 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 32 (28256) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы
1-тармағының 21) тармақшасына және Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына және Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабы
1) тармақшасына сәйкес әзірленді және уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін айқындайды (бұдан әрі – Қағида).»;
Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Рсеупубликасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
10, 11, 12 және13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – денпортал) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, кеме билеті немесе кеме куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Көрсетілген қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электронды сандық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағиданың
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асырады.
Жауапты қызметкер 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды және балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасының режиміне келісім береді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер осы Қағидалардың
3-қосымшасында мазмұндалған.
13. Көрсетілетін қызметті берушілердің кеме қатынасы режимін келісуден бас тартуы көрсетілететін қызметті алушылардың дәлелді бас тартуда көрсетілген барлық ескертулерді жойғаннан кейін қайталама өтінім беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.»;
3-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 25-бабының
2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министірлігі
Басқа 1. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы өтініш
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 13 қазаны
№ 255 Бұйрыққа
1-қосымша
Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға
тыйым салынған су айдындарында
және (немесе) учаскелерінде
су көлігі қозғалысының
ережесіне 2-қосымша
(кімге)_________________________
(уәкілетті орган ведомствосы
аумақтық бөлімшесінің толық атауы)
(кімнен)_______________________
(өтініш берушінің толық атауы)
мекенжайы_____________________
(индексі, қала, аудан, облыс,
көше, үй №, пәтер
№ (бар болса), телефон)
өтініш берушінің
деректемелері___________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі,
жеке сәйкестендіру нөмірі)
Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кеме қатынасы режимін келісу туралы өтініш
Заңды немесе жеке тұлғаның атауы, аты, әкесінің аты (бар болса)
тегі)_______________________________________________________
Кеме жүргізушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________
Кеменің атауы _________________________________________
Кеменің тіркеу нөмірі ______________________________________
Кеменің техникалық параметрлері (ұзындығы, ені, шөгуі):
Ұзындығы (метрмен) _______________________________________
Ені (метрмен) _____________________________________________
Шөгуі (сантиметрмен) _____________________________________
Кемедегі ескіш бұрандалардың айналу жылдамдығы (айналу/минут) __
Кеменің типі _________________________________________________
Кеменің маркасы __________________________________________
Қозғалтқышының қуаты ____________________________________
Кеме қатынасының мақсаты _________________________________
Қозғалыс мерзімі 20____жылғы _________бастап __________дейін
Қозғалыс бағдары_____________________________________________
Тұрақ орны __________________________________________________
Кеме билетінің немесе кеме куәлігінің нөмірі және күні_____________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініштің берілген күні 20__жылғы «__»_____________
__________________________________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
Бұйрыққа 1-қосымша
Уылдырық шашу кезеңінде
балық аулауға тыйым салынған,
сондай-ақ балық аулауға
тыйым салынған су айдындарында
және (немесе) учаскелерінде
су көлігі қозғалысының
ережесіне 3-қосымша
«Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде,
сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және
(немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
2
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілі
www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – портал).
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
құжаттар топтамасын порталға тапсырған сәттен бастап- 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған).
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режимін келісу
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).
6
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ақысыз түрде көрсетіледі.
7
Жұмыс кестесі
1) Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа.
2) Порталдың жұмыс кестесі –жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Мемлекеттік қызметті алушы үшін ұсынылады:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – денпортал) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режимін келісу туралы өтініш.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, кеме билеті немесе кеме куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған.
10
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» құралы бойынша қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар
Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, интернет-ресурстарынан, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.