О внесении изменений в постановление акимата от 16 октября 2013 года № 448 «Об установлении зон санитарной охраны хозяйственно-питьевого водозабора на участке скважины № 102 в поселке Затобольск Костанайского района» Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2013 жылғы 16 қазандағы № 448 «Қостанай ауданының Затобол кентіндегі № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 2 қаңтардағы № 235 «Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы» Жарлығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай ауданының Затобол кентіндегі № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы» 2013 жылғы 16 қазандағы № 448 қаулысына (2013 жылғы 12 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4316 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы № 102 ұңғыма учаскесінде шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары»;
ескерту алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.