О внесении изменения в решение Экибастузского городского маслихата от 16 мая 2014 года № 219/28 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Экибастузу» Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының
2014 жылғы 16 мамырдағы
«Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың жиналу және пайда болу
нормасын бекіту туралы» № 219/28
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 6 – бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы» № 219/28 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3854 тіркелген, 2014 жылы 19 маусымда «Голос Экибастуза» газетінде, 2014 жылы 19 маусымда «Отарқа» газетінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1370 қаулысының» деген сөздермен сандар «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығының» деген сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.