О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 16 мая 2014 года № 219/28 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по городу Экибастузу» Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының
2014 жылғы 16 мамырдағы
«Екібастұз қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
жиналу және пайда болу нормасын
бекіту туралы» № 219/28 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Екібастұз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың жиналу және пайда болу нормасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 маусымда «Отарқа» газетінде және 2014 жылғы 19 маусымда «Голос Экибастуза» газетінде жарияланған) № 219/28 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) көрсетілген шешімнің атауында және 1 тармағында қазақ тіліндегі «жиналу және пайда болу нормасын» сөздері «түзілу және жинақталу нормаларын» сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
Тармақша 2
2) көрсетілген шешімнің қосымшасында қазақ тіліндегі «пайда болу» сөздері «түзілу» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі