О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 16 мая 2014 года № 28/233 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества сел Тенге, Кызылсай и Рахат города Жанаозен Мангистауской области и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Тенге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасының Заңына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Тенге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2450 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 маусымдағы № 26 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: орыс тілінде кіріспе жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды; тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «Тенге» деген сөз «Теңге» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын; көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысына (А.Ермұханов) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қазандағы № 43/356 шешіміне қосымша Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарының тұрғындар өкілдерінің саны Елді мекен атауы Жаңаөзен қаласы ауылдарының тұрғындарының жалпы саны Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін Жаңаөзен қаласы ауылдарының тұрғындары өкілдерінің саны (тұрғындардың жалпы санының 1%) Теңге ауылы 16 378 164 Қызылсай ауылы 5 395 54 Рахат ауылы 30 612 306