О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 16 мая 2014 года № 28/233 «Об утверждении Правил о порядке проведения раздельных сходов местного сообщества сел Тенге, Кызылсай и Рахат города Жанаозен Мангистауской области и определения количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества» Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/233 «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 28/223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2450 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы»;
кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 17/138 шешіміне қосымша
Жаңаөзен қалалық мәслихатының
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 28/233 шешімімен бекітілген
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібі Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Теңге, Қызылсай, Рахат және Кендірлі ауылдарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 6
6. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 7
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауыл әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жаңаөзен қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 10
10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ауыл әкімінің аппаратына беріледі.
Тармақ 12
12. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.