О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 16 ноября 2015 года № 274 «Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий (на 1 гектар и (или) 1 тонну) на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на во Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2838 болып тіркелген, 2015 жылдың 5 желтоқсанында «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 241 қаулысына қосымша Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидия нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) № Басым ауыл шаруашылығы дақылдары 1 гектарға (тонна) бюджеттік субсидия нормалары, теңге 1 Қант қызылшасы 1 гектарға (50%) 50 000 2 Қант қызылшасы 1 тоннаға (50%)** 2 500 3 Қорғалған топырақтағы көкөніс (фермерлік үлгідегі жылыжай) * 1 500 000 4 Қорғалған топырақтағы көкөніс (өнеркәсіптік үлгідегі жылыжай) * 2 000 000 5 Қант қызылшасы, ашық топырақта өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы (50%) 90 000 6 Қант қызылшасы 1 тоннаға, тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі жаңбырлатып суару жүйелерін қолдану арқылы (50%)** 2 250 7 Майлы дақылдар 2 000 8 Дәндік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін және өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы 60 000 9 Дәндік жүгері 10 000 10 Көпжылдық шөп (таза егіс) 3 000 11 2, 3 жылғы көпжылдық шөп 500 12 Көп жылдық шөп, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы 25 000 13 Сүрлемдік жүгері 3 000 14 Картоп 5 000 15 Сүрлемдік жүгері, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік үлгідегі спринклерлік суару жүйелерін қолдану арқылы 60 000 * 1 дақыл айналым нормалары ** қант қызылшасы бойынша 1 гектарға 50%, 1 тоннаға 50%