О внесении изменений в решение Кызылординского областного маслихата от 16 сентября 2015 года № 301 «Об утверждении ставок платы за лесные пользования на участках государственного лесного фонда» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Орман кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Кодексінің 14-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1.«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5193 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 31 қазандағы № 164-165, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімінің қосымшасында:
8. «Дәрі-дәрмектік өсімдіктер және техникалық шикізат жинау және дайындау үшін төлем ставкалары» бөлімі кестесінде:
«1. «Жалаң мия» жолында «200» деген сан «62» деген санға өзгертілсін;
«2. «Сұңғыла» жолында «1480 деген сан «600» деген санға өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.