О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № 31/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3716 тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда №12 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасында: бірінші тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы (ары қарай Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді.»; 5 тармақтың үшінші абзацында «Ереженің» сөзін «Қағиданың» сөзі болып өзгертілсін; 5-2 тармақтың екінші абзацында «Ереженің» сөзін «Қағиданың» сөзі болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.