О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № 31/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № 31/2-V «Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43/2-VI
- Қабылданған күні
- 04.06.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2024 143886_715299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VD007197
- ЭКБ идентификаторы
- 143886
- Редакция идентификаторы
- 143886_715299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:12
0 Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V
«Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V «Тұрғын үй көмегінің мөлшерін айқындау және оны көрсету тәртібі туралы Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3716 тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда №12 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасында:
бірінші тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау Қағидасы (ары қарай Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 4, 5 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы», 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес әзірленді.»;
5 тармақтың үшінші абзацында «Ереженің» сөзін «Қағиданың» сөзі болып өзгертілсін;
5-2 тармақтың екінші абзацында «Ереженің» сөзін «Қағиданың» сөзі болып өзгертілсін.