О внесении изменений в решение Риддерского городского маслихата от 16 февраля 2015 года № 31/2-V «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Риддере» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Риддер қалалық мәслихатының «Риддер қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 16 ақпандағы № 31/2-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3716 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімге 1-қосымшада: 1 тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.»; 3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.