«О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабының 5-тармағына және «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12608 тіркелген, 2016 жылғы 18 қаңтарда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында: 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады және ресми жариялауға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Басқа 1. Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
министрдің міндетін атқарушы 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 338 Бұйрыққа қосымша Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларына 1-қосымша Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері Р/с№ Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %) Ұйымдар атауы 1 2 3 1. 96 % «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ 2. 94 % «Абай атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет театры» РМҚК 3. 94 % «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық драма театры» РМҚК 4. 85 % «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттiк академиялық орыс драма театры» РМҚК 5. 96 % «Ғ. Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК 6. 91 % «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттiк академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры» РМҚК 7. 100 % «Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры» РМҚК 8. 100 % «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК 9. 96 % «Республикалық немiс драма театры» РМҚК 10. 99 % «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттiк би ансамблi» РМҚК 11. 99 % «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк академиялық би театры» РМҚК 12. 98 % «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттiк филармониясы» РМҚК 13. 99 % «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптары оркестрi» РМҚК 14. 97 % «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблi» РМҚК 15. 99 % «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК 16. 100 % «Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры» РМҚК 17. 99 % «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орталық музейі» РМҚК 18. 96 % «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өнер музейі» РМҚК 19. 90 % «Сирек кездесетiн қияқты саз аспаптарының мемлекеттiк коллекциясы» РМҚК 20. 98 % «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК 21. 99 % «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК 22. 99 % «Берел» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК 23. 98 % «Есiк» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК 24. 99 % «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі» РМҚК 25. 96 % «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» РМҚК 26. 95 % «Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК 27. 100 % «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі» РМҚК 28. 97 % «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК 29. 99 % «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі» РМҚК 30. 100 % «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК 31. 100 % «Бейбітшілік және келісім музейі» РМҚК 32. 100 % «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 33. 100 % «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК 34. 100 % «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК