О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Мемлекеттік театрларға, концерттік
ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге субсидиялар
төлеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің 2015 жылғы
16 қарашадағы № 354 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
көрсетілген Қағидаларға 1-1-қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6.
85 %
«Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК
»;
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
15.
91 %
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК
»;
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
16.
94,8 %
«Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» РМҚК
»;
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
30.
94,8 %
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі