О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 16 ноября 2015 года № 354 «Об утверждении Правил выплаты субсидий государственным театрам, концертным организациям, культурно-досуговым организациям, музеям и циркам»
- Атауы (қаз.)
- «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 121
- Қабылданған күні
- 10.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.05.2023 181166_632251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032473
- ЭКБ идентификаторы
- 181166
- Редакция идентификаторы
- 181166_632251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:11
0 «Мемлекеттік театрларға, концерттік
ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге субсидиялар
төлеу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрінің 2015 жылғы
16 қарашадағы № 354 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
Қағидаларға 1-1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
0 Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрі
2023 жылғы 10 мамырдағы
№ 121 Бұйрыққа
қосымша
Мемлекеттік театрларға,
концерттік ұйымдарға, мәдени-
демалыс ұйымдарына,
музейлерге және цирктерге
субсидиялар төлеу қағидаларына
1-1-қосымша
Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің
залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері
Р/с№
Республикалық бюджеттен субсидия мөлшері (пайыз %)
Ұйымдар атауы
1
2
3
1.
92%
«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КеАҚ
2.
90%
«Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» РМҚК
3.
90%
«Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК
4.
85%
«Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» РМҚК
5.
87%
«Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК
6.
90%
«Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК
7.
97%
«Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» РМҚК
8.
95%
«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК
9.
96%
«Республикалық академиялық неміс драма театры» РМҚК
10.
95%
«Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» РМҚК
11.
97%
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» РМҚК
12.
93%
«Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК
13.
90%
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» РМҚК
14.
97%
«Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» РМҚК
15.
93%
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК
16.
95%
«Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» РМҚК
17.
90%
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» РМҚК
18.
90%
«Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК
19.
88%
«Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» РМҚК
20.
98%
«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК
21.
98%
«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» РМҚК
22.
98%
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
23.
98%
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
24.
85%
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК
25.
95%
«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК
26.
70%
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
27.
95%
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК
28.
90%
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
29.
97%
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» РМҚК
30.
95%
«Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК
31.
98%
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
32.
98%
«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
33.
98%
«Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК
📌 Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.