О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 апреля 2015 года № 4-1/339 «Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по оказанию услуг по складской деятельности с выпуском зерновых расписок, и перечня документов, подтверждающих соответствие им» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11595 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 24 мамырдағы № 199 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 4-1/339 бұйрығымен бекітілген Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі № Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: Құжаттар тізімі 1 2 3 1 меншік құқығындағы астық сақтау қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 2 технологиялық жабдықтар: (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген), тиеу-түсіру құрылғылары, көтергіш-көлік жабдығы, жылжымалы көлік жабдығы, белсенді желдету жабдығы, астық сақтауға арналған сыйымдылықтар, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 3 өткізу режимі, аумақтың қоршалуы, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдар Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 4 өлшемдердің жай-күйін бағалаудан өткен, зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтықтарымен, сынама іріктегіштермен, пуркалармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын, құлау санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен); астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жарақталған өндірістік-технологиялық зертхана «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін өлшем құралдарының типiн бекiту туралы, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттар. Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 5 тиiстi бiлiмi бар (техникалық басшылар үшiн – жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық бiлiм, мамандар үшiн – орта білімнен кейінгі (техникалық, технологиялық немесе агрономиялық) бiлiм) техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамы Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 6 Интернет желісіне қолжетімділік Осы бiлiктiлiк талаптарына қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
Басқа 0.1
Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде Астық сақтау қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктінің) атауы: ____________________________________________________________________ Құқық иеленушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі___________________________ Астық сақтау қоймасының мекенжайы және кадастрлық нөмірі _______________________________________________________________ Меншік иесі (құқық иеленуші) ________________________________________ Технологиялық жабдықтың болуы туралы мәліметтер Жабдықтың атауы Өлшем бірлігі 20 ___ғы___ бар-жоғы Жай-күйі 1 2 3 4 астық кептіру жабдығы сағатына дана/тонна астық сақтау сыйымдылығы мың тонна астық тазалау машиналары дана белсенді желдету жабдығы жылжымалы көлік жабдығы дана көтергіш-көлік жабдығы дана сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдық жиынтық таразы жабдығы (белгіленген тәртіппен салыстырып тексерілген) дана тиеу-түсіру құрылғылары дана Интернет желісіне қолжетімділік туралы мәліметтер Си­патта­ма­ла­ры 20___ жы­л­ғы ____ ба­ры 1 2 3 Ин­тер­нет же­лі­сіне қол­же­тім­ді­лік Өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының, асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдардың болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________________ ____________________ (асфальтталған және (немесе) бетондалған алаңдар бойынша көлемдер шаршы метрмен көрсетіледі) Өлшем құралдарының типін бекіту немесе өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттардың болуы туралы мәліметтер, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы мәліметтер _______________________________________ № Құ­жат­тың ата­уы Құ­жат­тың нө­мі­рі Іс-қи­мыл ба­стал­ған күн Іс-қи­мыл аяқ­тал­ған күн Мет­ро­ло­ги­я­лық қыз­мет­тің ата­уы 1 2 3 4 5 6 Астықтың сапасын айқындауға арналған өндірістік-техникалық зертхананың жарамды жабдықпен және аспаптармен жарақталуы туралы мәліметтер Объект Өлшем бiрлiгi 20__ жылғы ___________ бары 1 2 3 Ақуыз құрамын анықтауға арналған құрылғылар дана Пуркалар дана Астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелер дана Астықтың зақымданғанын анықтауға арналған оптикалық аспаптар дана Дәнмаңызының құрамы мен сапасын анықтауға арналған құрылғылар дана Дәнді ұнтақтауға арналған диірмендер дана Елеуіштер жиынтықтары дана Зертханалық таразылар дана Кептiргiш шкафтар дана Құлау санын анықтауға арналған құрылғылар дана Сынама іріктегіштер дана Ылғал өлшегiштер дана Техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктi құрамының болуы туралы мәліметтер № Маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі Лауазымы Білімі бойынша мамандығы Мамандығы бойынша жұмыс өтілі 1 2 3 4 5