О внесении изменений и дополнения в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 16 апреля 2015 года № 57 «О некоторых вопросах отбора кандидатов из числа граждан для поступления на воинскую службу по контракту в органы, ведомства и учреждения прокуратуры Республики Казахстан» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11236 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің қағидаларында: 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Отырыстың қорытындысы бойынша комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды: 1) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ұсыну және лауазымға тағайындау; 2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін резервке енгізуге ұсыну; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 31-тармағына сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруден бас тарту. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша төраға қабылданған шешім туралы әрбір кандидатқа хабарлайды.». 24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «24. Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу әскери лауазымға сәйкес әскери-есептік мамандық бойынша бос орын пайда болуына қарай жылына кемінде бір рет өткізіледі және келесі тәртіпте іске асырылады: 1) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін қажетті құжаттарды қабылдау; 2) медициналық куәландырудан өту; 3) дене шынықтыру даярлығының деңгейіне сәйкестікті анықтау; 4) кәсіби даярлық деңгейін және әскери лауазымға тағайындау үшін қаралып отырған әскери-есептік мамандыққа (білімге) сәйкестікті анықтау; 5) психологиялық жарамдылыққа тексерістен өту.». 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. Кандидатты медициналық куәландыру Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 140-бабына сәйкес жүзеге асырылады.». 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Психологиялық іріктеу барысында кандидаттың интеллектуалдық даму деңгейі, әскери қызметтен өту үшін психологиялық жарамдылығы, ақыл-ойының орамдылығы мен шапшаңдығы, тіл тапқыштығы мен басқа қасиеттері бағаланады.». мынадай мазмұндағы 50-1 тармақпен толықтырылсын: «50-1. Тізбесін уәкілетті органның басшысы бекіткен лауазымдарға келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты уәкілетті органның басшысы айқындаған тәртіппен психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулерді қолданып тексеру жүргізіледі. Психологиялық-физиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуді құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген уәкілетті органдар ұйымдастырады.». 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «51. Психологиялық іріктеудің нәтижелері бойынша кандидаттың келісімшарт бойынша нақты әскери лауазымдарында әскери қызмет етуге жарамдылығы туралы төмендегі қорытындылардың біреуі жасалады: 1) «ұсынылады»; 2) «ұсынылмайды». Прокуратура органдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін психологиялық жарамдылық деңгейін анықтаудың нәтижелері кандидаттың жеке ісіне тіркеледі.».
Тармақ 2
2. Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бас әскери прокуратураға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.