О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 16 сентября 2016 года № 6С7-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района» Күшін жойған
Басқа 0
Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С7-3 «Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 6С7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5553 болып тіркелген, 2016 жылғы 3 қазанда «Алтын астық» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Егіндікөл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – Егіндікөл ауданының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі бөлімі;»;
9 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақша 2
«2) Қарт адамдар күніне:
өтініш берусіз, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушыларға, ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге;»;
10 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Егіндікөл ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Егіндікөл ауданының әкімі
Е. Исабеков
2018 жылғы 12 қараша