О внесении изменений и дополнения в решение Кызылординского областного маслихата от 16 мая 2017 года № 121 «Об утверждении правил содержания и защиты зеленых насаждений, благоустройства территорий городов и населенных пунктов Кызылординской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 121 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 368-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 318 «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы және «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде номері 18712 болып тіркелген) Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 121 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5871 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 маусымында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімімен бекітілген Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғау қағидаларында: 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) ағаштарды кесу - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң) 2 - қосымшаның 159 - тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс»; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын: «27) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу - уәкілетті орган белгілеген учаскелерде жүзеге асырылатын, ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу бойынша жұмыс.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы Заңға сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.»; 2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-параграф. Ағаштарды кесу, санитариялық кесу»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Ағаштарды кесу мынадай: 1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету; 2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету; 3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою; 4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі; 5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады; 6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған кезде.»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.». 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Ағаштарды кесу кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте, жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті орган ағаштарды кесуге рұқсат беру құжаттарында көрсеткен учаскілерге кайта отырғызылады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.