О внесении изменения в постановление акимата Жанакорганского района от 16 ноября 2017 года № 372 «Об утверждении схемы пастбищеоборотов по Жанакорганскому району на основании геоботанического обследования пастбищ» Күшін жойған
Басқа 0
«Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Жаңақорған ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 372 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26- бабына сәйкес Жаңақорған ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде Жаңақорған ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 372 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6048 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын»;
аталған қаулының қосымшасындағы «3. Бесарық ауылдық округі» деген сөздер «13 Жаманбай батыр ауылдық округі» деген сөздермен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақорған ауданы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.