О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 208 «О некоторых вопросах применения контрольно-кассовых машин» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабы 8-тармағына, 167-бабының 6-тармағына, 170-бабының 2-тармағына, 171-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 166-бабы 8-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін айқындайды.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Көрсетілетін қызметті беруші бақылау-касса машинасын тіркеу есебіне қоюды фискалдық деректер операторының мәліметтерін не Салық кодексінің 167-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген салықтық өтінішті алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Фискалдық деректер операторы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді ұсынған кезде мәліметтерді өңдеу электрондық түрде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбаған деректерді бермей бақылау-касса машинасын есепке қою туралы салықтық өтінішті қағаз жеткізгіште ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші, құжаттарды қабылдаудан бас тартады.»; 33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес автоматтандырылған тәсілмен ресімделген пайдаланылмаған теміржол, автобус, әуе билеттері үшін ақшалай есеп айырысуларды қайтару операцияларына қолданылмайды.»; 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «43. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күнінен бастап 5 (екі) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге негіз бар. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.»; 44-тармақ алып тасталсын; Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 170-бабы 2-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» уірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машиналарының модельдерін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) тәртібін айқындайды.»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 167-бабының 2-тармағына және 171-бабына сәйкес әзірленген.»; 5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ақшалай есеп айырысулар – тауар сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын және (немесе) мобильдік төлемдерді пайдалана отырып есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар;»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді беру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 167-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және фискалдық деректер операторының мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді беру тәртібін айқындайды.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. МКК АЖ мен ФДО АЖ арасындағы ақпараттық алмасудың техникалық талаптары «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ЭҮСШ, ЭҮШ арқылы МКК АЖ-ның ФДО АЖ-мен интеграциясы бойынша жеке Келісіммен айқындалған.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 411 бұйрығына қосымша Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидаларына 1-қосымша «Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 Қыз­мет көр­се­ту­ші­нің ата­уы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің аудан­дар, қа­ла­лар және қа­ла­лар­да­ғы аудан­дар бой­ын­ша, ар­найы эко­но­ми­ка­лық ай­мақ­тар аумақ­та­рын­да­ғы аумақ­тық ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің қыз­мет көр­се­ту ор­та­лы­ғы ар­қы­лы; 2) «элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы. 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің мер­зім­де­рі 1) БКМ есеп­ке қою – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де: 2) БКМ тір­кеу кар­точ­ка­сын­да көр­се­ті­л­ген мә­лі­мет­тер өзгер­ген кез­де – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де; 3) БКМ есеп­тен шы­ға­ру­ды – 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де. 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны Қа­ғаз, элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) түр­де 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі 1) «Ба­қы­лау-кас­са ма­ши­на­ла­рын қол­да­ну­дың кей­бір мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 16 ақ­пан­да­ғы № 208 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген ны­сан­ға сәй­кес тір­кеу кар­точ­ка­сын бе­ру (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 16508 бо­лып тір­кел­ген); 2) осы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты­ның 9-тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді 7 Жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ең­бек ко­дек­сі) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін. Көр­се­ті­ле­тін мем­ле­кет­тік қыз­мет ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз ке­зек кү­ту тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді. 2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі 1) ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­дер­ді қо­с­па­ған­да, де­ректер­ді бе­ру функ­ци­я­сы жоқ БКМ қою ке­зін­де мы­на­лар ұсы­ны­ла­ды: «Са­лық­тық өті­ніш­тер­дің ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2018 жы­л­ғы 12 ақ­пан­да­ғы №160 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 16425 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – Бұй­рық) 16-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша БКМ са­лық ор­га­нын­да есеп­ке қою ту­ра­лы са­лық­тық өті­ніш (бұ­дан әрі – БКМ есеп­ке қою ту­ра­лы са­лық­тық өті­ніш); фис­кал­дық ре­жим­ді ор­на­ту­сыз ен­гі­зі­луі мүм­кін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын БКМ; нө­мір­лен­ген, тігі­л­ген, са­лық тө­ле­у­ші­нің қо­лы­мен және (неме­се) мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған қол­ма-қол ақ­ша­ны есеп­ке алу кі­та­бы және та­у­ар чек­те­рі кі­та­бы. Де­ректер­ді бе­ру функ­ци­я­сы жоқ ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен бо­лып та­бы­ла­тын БКМ есеп­ке қою ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге мы­на­дай құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды: БКМ есеп­ке қою ту­ра­лы са­лық­тық өті­ніш; ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің функ­ци­о­нал­дық мүм­кін­дік­те­рі мен си­патта­ма­ла­ры­ның қы­сқа­ша си­патта­ма­сы; Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­нын­да есеп­ке қою үшін мә­лім­дел­ген ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен мо­де­лі­нің «Са­лық ин­спек­то­ры­ның жұ­мыс ор­ны» мо­ду­лін пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі нұс­қа­улық. Де­ректер­ді тір­кеу және (неме­се) бе­ру функ­ци­я­сы бар БКМ қою ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның құ­жат­тар­ды ұсы­нуы та­лап етіл­мей­ді. 2) Ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­ді қо­с­па­ған­да, де­ректер­ді бе­ру функ­ци­я­сы жоқ БКМ ина­сын есеп­тен шы­ға­ру үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге оны пай­да­ла­ну ор­ны бой­ын­ша ұсы­ны­ла­ды: Бұй­рық­пен бе­кі­ті­л­ген 17-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша БКМ есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы са­лық­тық өті­ніш (бұ­дан әрі – БКМ есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы са­лық­тық өті­ніш); көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің плом­ба­сы ор­на­ты­л­ған фис­кал­дық жа­ды бло­гы бар БКМ; нө­мір­лен­ген, тігі­л­ген, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның қо­лы­мен және мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған қол­ма-қол ақ­ша­ны есеп­ке алу кі­та­бы және та­у­ар чек­те­рі кі­та­бы; БКМ тір­кеу кар­точ­ка­сы. Ап­па­рат­тық–бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен бо­лып та­бы­ла­тын де­ректер­ді бе­ру функ­ци­я­сы жоқ БКМ есеп­тен шы­ға­ру үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге БКМ есеп­тен шы­ға­ру ту­ра­лы са­лық­тық өті­ніш­ті ұсы­на­ды және «Са­лық ин­спек­то­ры­ның жұ­мыс ор­ны» мо­ду­ліне қол­же­тім­ді­лік­ті қам­та­ма­сыз ете­ді. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кеу мә­лі­мет­те­рін және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі. 10 Қыз­мет көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де алу әді­сте­рі бар: 1) элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба (бұ­дан әрі –ЭЦҚ) болған жағ­дай­да және SMS – ха­бар­лан­ды­ру ар­қы­лы алын­ған бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­ну ар­қы­лы фис­кал­дық де­ректер опе­ра­тор­ла­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­сы ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды; 2) ЭЦҚ болған жағ­дай­да «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы ар­қы­лы және фис­кал­дық де­ректер опе­ра­тор­ла­ры­ның ин­тер­нет-ре­сур­ста­рын­да SMS-ха­бар­лан­ды­ру ар­қы­лы алын­ған бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­ну ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. «Элек­трон­дық үкі­мет» веб-пор­та­лын­да ір­кі­лі­стер не тех­ни­ка­лық ақа­у­лар анық­тал­ған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на жү­гі­ну қа­жет. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777 неме­се 1414.