О внесении дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 208 «О некоторых вопросах применения контрольно-кассовых машин» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бақылау-касса машиналарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарының модельін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидаларында: көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада: Ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанында: 1-бөлім. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарға қойылатын талаптар: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6.2-жолмен толықтырылсын: « 6.2. Тауарды таңбалаудың міндетті сәйкестендіргіші болған жағдайда операцияларды ресімдеуге жол бермеуді көздейтін таңбаланған өнімдердің штрих-кодын сканерлеу және тану кезінде операциялардың жүргізілуін бақылауды қамтамасыз ету ».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі