О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 февраля 2018 года № 221 «Об утверждении Правил, сроков и формы представления сведений лицами, осуществляющими пересылку, перевозку, доставку товаров при электронной торговле товарами по запросу органов государственных доходов» Күшін жойған
Басқа 0
«Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша
тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді
беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
16 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1.«Мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларын, мерзімдері мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16491 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мәліметтерді беру қағидаларында, мерзімдері мен нысанында:
2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің,
20__ жылғы «__» _____ № ____
бұйрығына қосымша
Мемлекеттік кірістер Органдарының
сұрау салуы бойынша тауарлардың
электрондық сауда кезінде тауарларды
жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді
жүзеге асыратын тұлғалардың
мәліметтерді беру қағидалары,
мерзімдеріне мен нысанына
2-қосымша
нысан
Негіздеме: ______________________ мемлекеттік кірістер басқармасының 201__ жылғы «___» _________ №____ сұрау салуы бойынша
Салық төлеушінің (салық агентінің) атауы _______________________________________________
ЖСН/БСН _______________________
Тармақ 1
1. Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіге жеткізілген тауарлар бойынша мәлімет:
№
Жеткізушінің атауы
Жеткізушінің ЖСН /БСН (бар болса)
Ел
Шарт, №
Шарт, күні
Тауардың атауы
Өлшемнің бірлігі
Саны
Валюта коды
Тауардың бағасы
Тауарлардың жалпы саны
Қызметтің құны (теңге)
Жеткізу күні
Барлығы, жалпы сомасы : _______теңге.
Тармақ 2
2. Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушіден жеткізілген тауарлар бойынша мәлімет:
№
Шарт, №
Шарт, күні
Сатып алушының ЖСН
Сатып алушының Т.А.Ә. (ол болған кезде) (жеке тұлға)
Жеткізу күні
Саны
Тармақ 3
3. Орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлемдер туралы мәлімет:
№
Төлем құжатының түрі
Төлем құжаты, күні
Төлем құжаты, нөмірі
Сомасы
Ескертпе
Барлығы, сомасы:
Тармақ 4
4. Қосымша ақпарат (өзара талаптарды өтеу, тауар алмасу және өзге де қолма-қол ақшасыз операциялар, бартер, өтеусіз беру)
№
Операциялардың атауы
Мазмұны
Кұжат, №
Кұжат, күні
Операцияның сомасы
Бухгалтерлік есепте көрсетілді (Ия/Жоқ)
Салық есептілігінде көрсетілді (Ия/Жоқ)
ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілді (кезең)
Тармақ 5
5. Алушы мен жеткізушінің арасындағы берешек (кредиторлық және дебиторлық)::
Салық кезеңінің басында: 20__ жылғы «___»________, _________ (теңге) тең
Салық кезеңінің соңында: 20__ жылғы «___»________, _________ (теңге) тең.
Тармақ 6
6. _________________________________________________________ сұрау салу бойынша ұсынуға қажетті құжаттардың көшірмелері
Мемлекеттік кірістер органдарының заңды талаптарын орындамаған жағдайда Сізге «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік жаза шаралары қолданылатын болады. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 187-бабына сәйкес салық төлеуші немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органына немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасауына құқылы.
Заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің басшысы _________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде) қолы)
Ескертпе:
Сұрау салудың 1, 2, 3, 4, 5-тармақтары бойынша мәліметтерді осындай қаржы-шаруашылық операциялар болған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) толтырады.
Аббревиатураларды ашып жазу:
ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес- сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.