О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2018 года № 376 «Об утверждении Правил представления уполномоченным органом по контролю за использованием и охраной земель в органы государственных доходов сведений по земельным участкам, предназначенным для строительства объектов и не используемым в соответствующих целях или используемым с нарушением законодательства Республики Казахстан, а также по земельным участкам сельскохозяйственного назначения, не используем Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: «Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары»; 1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленген және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін белгілейді.»; көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Басқа 0
Қазақстан Репсубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 11 наурыздағы № 133 Бұйрыққа қосымша Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларына қосымша нысан Индекс: __________________ Кезеңділігі: жылдық. Ұсынатындар: Ұсынатындар: жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кірістер органына Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірілмейтін мерзімде № Заң­ды тұ­лға­лар­дың ата­уы неме­се же­ке тұ­лға­лар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (БСН/ЖСН) Жер учас­ке­сі тұр­ған же­рі жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі Жер учас­ке­сін мақ­сат­ты пай­да­ла­ну Жер учас­ке­сі­нің ала­ңы (гек­тар­мен) жер учас­ке­сі­нің са­на­ты Жер­дің ай­мақ­тық ко­эф­фи­ци­ен­ті Бо­ни­тет ба­лы (ел­ді ме­кен­дер­дің жер­ле­рін қо­с­па­ған­да) Жал­пы ала­ңы оның ішін­де: ти­іс­ті мақ­сат­тар­да пай­да­ла­ныл­май­тын неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын бұ­за оты­рып пай­да­ла­ны­ла­тын мақ­са­ты бой­ын­ша пай­да­ла­ныл­май­тын неме­се Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы бұ­зы­ла оты­рып пай­да­ла­ны­ла­тын ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 кестенің жалғасы: Үлес ала­ңы (жал­пы үле­стік мен­шік бол­са), гек­тар­мен Бұ­зу­шы­лық тү­рі Тек­се­ру ак­ті­сі­нің кү­ні мен нө­мі­рі Нұс­қа­ма­ның кү­ні мен нө­мі­рі Нұс­қа­ма­ны та­быс ету кү­ні Анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­ты жою кү­ні 13 14 15 16 17 18 ______________________________ (уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының, не оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ______________________________ (Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) Мәліметтер жасалған күн 20__жылғы «___»__________ _______ (қолы, мөрдің орны) _______ (қолы) _________________________ (Осы мәліметтерді қабылдап алған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы) ________________________ (қолы) Мәліметтер қабылданған күн 20___жылғы ___________