О внесении изменений в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 16 марта 2018 года № 45/НҚ «Об утверждении Правил передачи резервных копий электронных информационных ресурсов на единую национальную резервную платформу хранения электронных информационных ресурсов» Қолданыста
Басқа 0
«Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 45/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 45/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16883 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылдың 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 62) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылдың 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 62) тармақшасы негізінде әзірленді және электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына берудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.».
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылдың 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 385) тармақшасына сәйкес бекітілетін АКИАМО тізбесі (бұдан әрі – Тізбе), әрбір АКИАМО иесінен алынған ақпарат негізінде және «МТҚ» АҚ уәкілетті органмен келісім бойынша БҰРП-ға беру үшін ЭАР резервтік көшірудің мерзімділігін белгілейді.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті