О внесении изменений в постановление акимата города Уральска от 16 марта 2018 года № 614 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат акима города Уральска» и городских исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета» Күшін жойған
Басқа 0
Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 614 «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылы 29 желтоқсанда № 26167 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 614 «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №5124 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 41
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадрлық жұмыстарды жүргізетін персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.