О признании утратившим силу постановления акимата Костанайской области от 16 февраля 2018 года № 63 «Об установлении норматива отчисления части чистого дохода областных коммунальных государственных предприятий» Қолданыста
Басқа 0
«Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 63 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 63 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7589 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.