О внесении изменения в постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2018 года № 78 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 – бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-8-154 тіркелген, «Пульс района» аудандық газетінде 2018 жылғы 25 мамырдағы жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қ. Бичуиновқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Бородулиха аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов _______________ 2019 жылғы ________________ Сессия төрағасы У. Эфендиев ________________ 2019 жылғы ________________
Басқа 8. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Бородулиха ауданы әкімдігінің 2019 жылғы «___» ___________ қаулысына қосымша Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары: Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері.
Тармақ 2
2. Білім беру мамандарының лауазымдары: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарының, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, оның ішінде дефектолог-мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), логопед-мұғалім, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогы, вожатый, тәрбиеші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене шынықтыру (негізгі қызметтер) жөніндегі нұсқаушы, музыкалық (негізгі қызметтер) жетекші, өндірістік оқыту шебері, нұсқаушы, психолог, медбике, диеталық бике.
Тармақ 3
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары: кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет), барлық атаудағы (негізгі қызмет) әдіскер, барлық атаудағы әртіс, музыкалық жетекші, хореограф, режиссер, көркемдік жетекші, дыбыс операторы, дыбыс режиссері, аккомпониатор, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің мұғалімі.
Тармақ 4
4. Спорт мамандарының лауазымдары: дәрігер, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы.
Тармақ 5
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары: ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық санитар.