О внесении изменения в постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2018 года № 78 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Күшін жойған
Басқа 0
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 – бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-8-154 тіркелген, «Пульс района» аудандық газетінде 2018 жылғы 25 мамырдағы жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысы әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қ. Бичуиновқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Бородулиха аудандық мәслихат
хатшысы
У. Майжанов _______________
2020 жылғы ________________
Сессия төрағасы
А. Кудушев________________
2020 жылғы ________________
Басқа 8. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Әкімдігінің қаулысына қосымша
2020 жылғы 17 ақпаны
№ 39
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары, бөлімшенің меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері.
Тармақ 2
2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, кітапхана меңгерушісі, әдістемелік кабинет меңгерушісі, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықтарының мұғалімдері, соның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы, педагог-психолог, қосымша білім беру педагогы, вожатый, тәрбиеші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене шынықтыру (негізгі қызметтер) жөніндегі нұсқаушы, музыкалық (негізгі қызметтер) жетекші, өндірістік оқыту шебері, нұсқаушы, психолог, кітапханашы, медбике, диеталық бике.
Тармақ 3
3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, клуб меңгерушісі, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызмет), барлық атаудағы (негізгі қызмет) әдіскер, музыкалық жетекші, хореограф, режиссер, көркемдік жетекші, дыбыс режиссері, аккомпониатор, тілдер мұғалімі.
Тармақ 4
4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы мен басшысының орынбасары, дәрігер, әдіскер, жаттықтырушы-оқытушы.
Тармақ 5
5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:
ветеринарлық дәрігер.