О внесении изменений в постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2018 года № 78 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности» Күшін жойған
Басқа 0
«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 2) тармақшасына, 139 – бабының 9 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы» Заңының 31 - бабының 2 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 – бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы» Бородулиха ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 78 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-8-154 тіркелген, «Пульс района» аудандық газетінде 2018 жылғы 25 мамырдағы жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
Атауында және 1-тармақтағы «және ветеринария» деген сөз алып тасталсын;
Атауында қосымшасының «және ветеринария» деген сөз алып тасталсын;
Көрсетілген қаулыға қосымшасының 5-тармағы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Т. Байжумановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Бородулиха аудандық
мәслихатының хатшысы
_______________У. Майжанов
_________________2020 жыл