О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 16 октября 2020 года № ҚР ДСМ-134/2020 «Об утверждении правил определения и перечня видов высокотехнологичной медицинской помощи, а также критерии, согласно которым виды высокотехнологичной медицинской помощи переходят в перечень услуг специализированной медицинской помощи» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21471 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.»; көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 1 қарашадағы № 129 бұйрығына қосымша Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарына қосымша Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары № Өл­шем­шарт Сал­мақ­тық ко­эф­фи ци­ент Өл­шем­шарт шка­ла­сы Мәні Өл­шем шарт бал­лы 1 Ин­но­ва­ция лық (жа­ңа­шыл дық) 0,1 Тех­но­ло­гия әлем­де 5 жыл­дан аз уа­қыт қол­да­ны­ла­ды 10 1 Тех­но­ло­гия әлем­де 5-10 жыл­дан астам уа­қыт бойы қол­да­ны­ла­ды 7,5 0,75 Тех­но­ло­гия әлем­де 10 жыл­дан астам уа­қыт бойы қол­да­ны­ла­ды 5 0,5 Тех­но­ло­гия әлем­де 15 жыл­дан астам уа­қыт бойы қол­да­ны­ла­ды 2,5 0,25 2 Ре­сурс сый­ым­ды лы­ғы 0,3 Тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну қым­бат тұ­ра­тын дә­рі­лік заттар­ды ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны, ай­тар­лық­тай ең­бек және уа­қыт шы­ғы­нын қа­жет ете­ді 10 3 Тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну қым­бат тұ­ра­тын дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны қа­жет ете­ді 7,5 2.25 Тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну ай­тар­лық­тай ең­бек және уа­қыт шы­ғы­нын қа­жет ете­ді 5 1,5 Тех­но­ло­ги­я­ны пай­да­ла­ну қым­бат тұ­ра­тын дә­рі­лік заттар­ды, ме­ди­ци­на­лық бұй­ым­дар­ды, ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ны қа­жет ет­пей­ді, ай­тар­лық­тай ең­бек және уа­қыт шы­ғы­нын қа­жет ет­пей­ді 2,5 0,75 3 Бі­ре­гей­лі­гі 0,1 Тех­но­ло­ги­я­ның ана­лог­та­ры және (неме­се) Қа­зақ­стан­да­ғы ба­ла­ма ем­деу әді­сте­рі жоқ 10 1 Тех­но­ло­гия ти­ім­ді­лі­гі жа­ғы­нан Қа­зақ­стан­да­ғы ана­лог­тар­дан және (неме­се) ем­де­удің ба­ла­ма әді­сте­рі­нен ар­тық 7,5 0,75 Тех­но­ло­гия ти­ім­ді­лі­гі жа­ғы­нан Қа­зақ­стан­да­ғы ана­лог­тар­ға және (неме­се) ба­ла­ма­лы ем­деу әді­сте­ріне те­ңе­ле­ді 5 0,5 Тех­но­ло­гия ти­ім­ді­лі­гі жа­ғы­нан Қа­зақ­стан­да­ғы ана­лог­тар­дан және (неме­се) ба­ла­ма­лы ем­деу әді­сте­рі­нен тө­мен 2,5 0,25 4 Күр­де­лі­лі­гі 0,5 Тех­но­ло­гия өте күр­де­лі және ерекше дағ­ды­лар­ды та­лап ете­ді (мы­са­лы, си­муль­таль­ды, бі­рік­ті­рі­л­ген неме­се ре­кон­струк­тив­тік опе­ра­ци­я­лар). Қо­сым­ша тін­дер мен ағ­за­лар­дың ерекше­лік­те­ріне бей­ім­дел­ген ма­ман­дан­ды­ры­л­ған жаб­дық­ты пай­да­ла­ну­ды қа­жет ете­тін па­ци­ент­тің ана­то­ми­я­лық - фи­зио­ло­ги­я­лық ерекше­лік­те­рі (нео­на­таль­ды жас­та­ғы ба­ла­лар­да тех­но­ло­ги­я­ны қол­да­ну) ес­ке­рі­ле­ді. Мұн­дай опе­ра­ци­я­лар ас­қы­ну қа­у­пі жо­ға­ры және мұ­қи­ят жос­пар­ла­уды қа­жет ете­ді. 10 5 Бір­не­ше ке­зең­дер­ді қам­ти­тын және хи­рург пен ме­ди­ци­на пер­со­на­лы­ның жо­ға­ры дең­гей­де дай­ынды­ғын та­лап ете­тін ор­та­ша күр­де­лі­лік­те­гі тех­но­ло­ги­я­лар. Опе­ра­ци­я­лар бі­рік­ті­рі­л­ген неме­се ре­кон­струк­тив­ті бо­луы мүм­кін, бі­рақ күр­де­лі ана­то­ми­я­лық неме­се фи­зио­ло­ги­я­лық ерекше­лік­те­рі жоқ ба­ла­лар мен ере­сек па­ци­ент­тер­де орын­да­ла­ды 7,5 3,75 Тех­но­ло­ги­я­ның орын­дау қиынды­ғы тө­мен (мы­са­лы, жос­пар­лан­ған) опе­ра­ци­я­лар) және ба­за­лық хи­рур­ги­я­лық жаб­дық­ты пай­да­ла­ны­ла оты­рып, стан­дарт­ты жағ­дай­лар­да жүр­гі­зі­ле­ді. Бұл опе­ра­ци­я­лар әдет­те бір са­ты­лы және па­ци­ент үшін тө­мен қа­уіп дең­гей­іне ие 5 2,5 Күр­де­лі­лік­ті қа­жет ет­пей­тін тех­но­ло­ги­я­лар ам­бу­ла­то­ри­я­лық негіз­де орын­да­ла­тын өте қа­ра­пай­ым ем­ша­ра­лар­ды қам­ти­ды. Олар ар­найы дай­ын­дық­ты қа­жет ет­пей­ді және ре­сур­стар­дың ең аз мөл­ше­рін пай­да­ла­на оты­рып, жыл­дам орын­да­луы мүм­кін 2,5 1,25