О внесении изменения в постановление акимата Карагандинской области от 16 апреля 2021 года № 27/01 «Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №27/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 27/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6318 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Қарағанды облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 25/02 қаулысына қосымша Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі Ауыл шаруашылығы өнімдерінің атауы Тереңдете өңделген өнімдердің атауы Өнім бірлігіне субсидия нормативі, теңге/килограмм 1 2 3 Сүт Сары май 29,0