О внесении изменения в решение Курчумского районного маслихата от 16 марта 2021 года № 3/4-VII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Курчумском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Күршім аудандық мәслихатының «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8677 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындаудың Қағидасында:
1-тармақтың 5-абзацы мынандай редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.