О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 16 апреля 2021 года № А-4/177 «Об утверждении перечня субсидируемых пестицидов, биоагентов (энтомофагов) и норм субсидий на 1 литр (килограмм, грамм, штук) пестицидов, биоагентов (энтомофагов), а также объемов бюджетных средств на субсидирование пестицидов, биоагентов (энтомофагов)» Күшін жойған
Басқа 0
«Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 18 қазандағы
№ А-10/517 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/177 қаулысына
2-қосымша
Пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
№
Қарастырылған қаражат
Субсидия көлемі, теңге
1
Жергілікті бюджет есебінен
9 288 773 000,0
2
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
468 742 000,0
Барлығы
9 757 515 000,0