О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 16 июня 2021 года № 574 «Об утверждении Типовых правил проведения внешнего контроля качества аудиторских организаций, в том числе критериев проверок аудиторских и профессиональных организаций» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларын, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 574 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23080 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларында, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарында: 4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіптік ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініш алған жағдайда;»; көрсетілген Үлгілік қағидалардың 5-тармағының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылау жүргізу тәртібі: 1) сапаға сыртқы бақылау рәсімдерін ұйымдастыру бойынша мәселелерді; 2) сапаға сыртқы бақылау рәсіміне қатысқан бақылаушының не басқа адамдарды шеттетудің (өздігінен бас тартудың) негізін; 3) сапаға сыртқы бақылауды жүргізудің бағдарламасы мен кезеңдерін; 4) онда құрылтайшы және құқық белгілеуші құжаттар, лицензиялар, аудиторлардың біліктілік куәліктері, аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша құжаттар, кадрлық құрам жөніндегі құжаттар, аудит сапасына сыртқы бақылау жөніндегі ішкі құжаттар, орындалған аудиторлық тапсырмалар бойынша жұмыс құжаттары қамтылатын аудиторлық ұйымның сапасына сыртқы бақылауды жүргізуге жататын құжаттарының тізбесін; 5) сапаға сыртқы бақылауға жататын аудит бойынша жобаларды іріктеу, сондай-ақ мүдделер қақтығысын болдырмайтын бақылаушыларды іріктеу өлшемшарттарын (тәуелсіздікті қамтамасыз ету); 6) аудиторлық қызмет көрсету шартын орындауға аудиторлық ұйым жолдаған ресурстардың жеткіліктілігін; 7) аудиторлық ұйымның сапасына ішкі бақылау жүйесін, «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, «Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 4 бұйрығының талаптарын сақталуын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 23942 болып тіркелген), сондай-ақ аудиторлық қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуын тексеру мәселелерін; 8) жекелеген аудиторлық тапсырмалардың сапасын сыртқы бақылау мәселелерін; 9) сапаны бақылау комитеті мен кәсіби ұйым сапаға сыртқы бақылау жүргізу барысында қол жеткізген ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды; 10) бақылаушылардың есептілігі мен аудиторлық ұйымның сапаға сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін ресімдеуді; 11) аудиторлық ұйымның сапаны сыртқы бақылаудан өту нәтижелерін іске асыруы жөніндегі шараларды қамтиды.»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Жүргізілген сапаға сыртқы бақылау нәтижелері бойынша сапаға сыртқы бақылауды жүргізу тәртібінде осы Үлгілік қағидалардың қосымшасына сәйкес аудиторлық ұйымның аудит бойынша қызметін бағалау өлшемі және бағаның анықталатын цифрлық баламасы көзделген.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.