О внесении изменений в решение Буландынского районного маслихата от 16 февраля 2021 года № 7С-7/1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Буландынском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8367 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің косымшасында:
3 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.»;
4 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп - ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10 (он) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретiнде айқындалады.»;
6 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«6. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 75 (жетпіс бес) киловатт белгіленсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.